Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бақытгүл Хаменова екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды

0 272

Абай Құнанбайұлының ескерткішіне қатысты ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін үйқамақта отырған Бақытгүл Хаменова екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Атырау облыстық соты хабарлады.

Cот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Себебі, Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді.

Бұған дейін жалғызбасты әйелдің екі кішкентай баласы бар екенін ескеріп, үйқамаққа жіберген еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.