Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұрын ақша жымқырды деп сотталған бухгалтер балабақшада тағы қылмыс жасаған

0 365

  Павлодар облысында балабақшаның экс-бухгалтері бюджеттен 6,5 миллион теңге жымқырғаны үшін 2 жыл 2 айға сотталды. Бұрын әйел осындай қылмысы үшін жазасын өтеген еді. Енді ол колонияға оралады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының тұрғыны бірнеше жыл бойы өңірдегі оқу орындарына бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген. Тергеу материалдары бойынша, 2015 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін әйел облыстағы екі мектептің есебін жүргізіп, 8 миллион теңгеден аса ақша жымқырған. 2020 жылдың көктемінде ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Былтыр наурызда бұрынғы бухгалтер шартты түрде босатылды. Бірақ ол бостандықта ұзақ уақыт болған жоқ. Аудиторлық тексеріс облыс балабақшасындағы үлкен ұрлықты әшкереледі, әйел тағы да тергеліп жатыр.

«Балапан» балабақшасының бухгалтері 2017 жылғы қаңтар – 2020 жылғы сәуір аралығында өзінің және балабақшада жұмыс істемейтін екі ұлының жеке шотына 6,5 миллион теңге аударғаны анықталды», – деп мәлімдеді Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілі.

Ақша мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен іссапарларын төлеуге арналғаны анықталды. Железин аудандық соты әйелді ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды. Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтейді. Павлодар облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ақпараты бойынша, үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.