Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше медбике қызды зорлаған, деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz cайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы заңгер Абзал Құспан журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұқбатында айтты. Оның айтуынша, бейнежазбаға түсіп қалған қылмыстық істерді көргенде төбе шашың тік тұрады.
«Мәселен, бүгін бостандыққа шығарған 11 адамның ішінде 7-ауруханаға жарақатпен түскендері бар. Сол адамдардың көзімен көргені, ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше бір медбике қызды зорлап тастаған. Ол – полиция қызметкері емес, ереуілге қатысқан бұзақы топтардың жасап отырған ісі. Осы сияқты жағдайларды айтсақ, талай адам түңіліп кетер еді», – дейді заңгер.