Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғазизхан Шекербеков көмек сұраған мұқтаж жанға 10 миллион теңге тарту етті

0 315

Ғазизхан Шекербеков бірер уақыт бұрын бірнеше мұқтаж жанға қол ұшын созуға уәде берген еді. Енді аядай бөлмені қызы екеуі паналап отырған Гүлдана есімді әйелге қол ұшын созды. Әнші 10 миллион теңге тарту етті,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желідегі парақшасында айтты.

“Бүкіл қарызын төлеп беретін Ғазизханға ырза болдым! Естеріңізде болса «жұртым жұтамасын» бағдарламасына Гүлдана ханымды көрсеткен едім. Қуықтай бөлмені паналап отырған қара көзіміз өздігінен жүре алмайды. Осы күнге дейін талай қиындықты басынан кешіріп көптеген звездалардан да көмек сұрапты. Алайда еш нәтиже болмаса керек. Достар, Алла Тағаланың қалауымен Ғазизхан бауырымыз 10 миллион теңге беруге бел буыпты. Міне азамат, миллиондаған отандастарымызға үлгі болдың, Ғазеке! Өзгеге шарапатым тисе төбем көкке жетеді. Жұртымыз жұтап, ит өмір кешуден сақтасын!”, – деп жазды журналист.

Гүлдана ханым өзіне көмектескен жандарға алғысын айтып, тілегін білдірді.

“Мен қанша журналистен көмек сұрадым. Нәтиже болмады. Нұрсейіт бауырым менің видеомды жариялаған еді. Халық қолдан келгенше көмектесті. Ғазизхан бауырымыз келіп, 10 миллион теңге беруге уәде етті. Алла қаласа, жыл соңына дейін 10 миллион теңге беріп, қарызымды жауып бермек. Түні бойы ұйықтай алмадым. Қызымыp екеуміз қуанып жатырмыз. Бізге қарайласқаны үшін Нұрсейіт бауырыма, Ғазизхан ағаларға рахметімді айтамын. Екі дүниенің бақытын тілеймін. Мені даттап, кінәлап жатқан адамдар да бар. Асығыс сөйлемеңіздер. Адам ертеңгі күні не боларын білмейді. Сондықтан артық әңгіме айтпауларыңызды сұраймын”, – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.