Городская общественно-политическая газета

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы цифрық куәліктер

0 163

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске (бұдан әрі — Кодекс) өзгерістер енгізілді, оған сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беріледі, азаматтардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште де берілуі мүмкін.

Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Қазіргі уақытта, Кодекске сәйкес 4 куәлік түрі берілуде: туу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін Қағидаларда электрондық үкімет порталы арқылы қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініш беру және цифрлық куәлік беру мүмкіндігі көзделген.
Цифрлық куәліктер «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде және «egov mobile» мобильдік қосымшасында сақталады.
Сонымен қатар, елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі куәліктер мен анықтамалар қағаз жеткізгіште берілетінін ескеру қажет.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры, «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және ведомстволарының ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесімен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанын қосымша хабарлаймыз, бұл уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартады және оларды барынша цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік беретінін қосымша хабарлаймыз.
Осыған байланысты, аумақтық уәкілетті органдарды, ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде білім беретін және медициналық ұйымдарды, екінші деңгейдегі банктерді, нотариустарды «электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін электрондық куәліктерді (анықтамаларды) қабылдау қажеттілігіне бағдарлауды сұраймыз.
Ақпарат тәртібінде, мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және цифрландыру мақсатында, 2019 жылы әкелікті анықтау, асырап алу, неке бұзу (сот шешімі негізінде) алып тасталғандай, жоғарыда көрсетілген Заңмен тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді мемлекеттік тіркеу алып тасталды, сәйкесінше Т.А.Ә өзгерту куәлігі берілмейді.
Осылайша, тегі, аты, әкесінінің аты өзгертілген соң енді бір ғана куәлік, қандай мәліметтер өзгертілгеніне байланысты туу туралы немесе неке қию/бұзу туралы куәлік беріледі.
Сонымен қатар, қайтыс болу туралы акт жазба медициналық куәлік негізінде автоматты түрде тіркеледі және қайтыс болған адамның туыстары «электрондық үкімет» порталы арқылы қайтыс болу туралы хабарлама алуына мүмкіндік бар және қайтыс болу туралы куәлікті алудың қажеттілігі жоқ.

М.Молдағалиева, Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторинглеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.