Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азаматтар құқықтарының қорғалуы – басты назарда

0 1  496

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылған.

Жуырда департамент санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметіне профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді. Аталған шаралардың нәтижесінде, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сипатындағы бұзушылықтар анықталды.
Нақты айтқанда, «Дезстанция» мекемесінің маманына мәлімделген мамандықтың сәйкес келмеуіне сілтеме жасалып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беруден негізсіз бас тартылған.
Қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында департамент көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы нұсқама енгізді.
Қазіргі таңда департаменттің бұл жағдайға ден қоюынан кейін қызмет алушының құқықтары толығымен қалпына келтіріліп, оған «Дезинфекциялық іс» мамандығы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға сертификат берілді.
2024 жылдың І тоқсанында 5 мемлекеттік органда жүргізілген профилактикалық бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша, департамент 714 бұзушылық анықтап, сондай-ақ 7 лауазымды тұлға 258 440 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесінің бұрылысы, 8 «А» мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Р.ШАРИПОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.