Ішкі істер министрлігінің жедел штабы Қазақстанның төрт облысында қарулы адамдар тобы ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды »JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
12 қаңтарда Алматы облысы бойынша полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан және арнайы жасақ әскери қызметшілері жүргізген жедел іс-шаралар барысында тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 3 винтовкалы карабин, 11 Макаров тапаншасы, оқ қалташалары мен оқ-дәрілер, калибрі 5,45 миллиметр АК-47 тәркіленген. Соталды тергеу басталды.
Жамбыл облысында ер адам ұсталып, одан аңшылық дүкенінен ұрланған 5 мылтық, әртүрлі калибрлі 110 оқ және 3 автомат пен тапанша тәркіленген. Соталды тергеу басталды.
Таразда «Калашников» автоматы мен ТОЗ-18 автоматы табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, Sulpak дүкені жанындағы жәшіктен сақтандырғышы жоқ 4 дана электр сөндіргіш граната табылған. Соталды тергеу басталды.
Қызылорда облысында ер адам ұсталып, одан полиция ғимараттарына басып кіру кезінде ұрланған Форт-500 маркалы сорапты мылтық алынған. Соталды тергеу басталды.