Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанның қай өңірінде жиі қылмыс жасалады?

0 1  517

Қылмыс деңгейі рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 47-сатыда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 1% өсті. Бұл туралы turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Рейтингтегі елдердің индексі халықтың сауалнамалары арқылы бағалауға негізделген.

Венесуэла, Папуа — Жаңа Гвинея және Ауғанстан. Қылмыстың ең жоғары деңгейі осы елдерде тіркелген. Ал Катар – ең қауіпсіз ел.

«ТМД елдері арасында Беларусь пен Қырғызстанда бізден жоғары, ал Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда төмен екені байқалады»,- делінген хабарламада.

Қазақстанда, ресми статистикаға сәйкес, бірінші жартыжылдықта құқық бұзушылық деңгейі 10 мың адамға шаққанда 91,5 болды. Бір жыл бұрын 91,8 болған.

«Өңірлік бөліністе қылмыстың ең жоғары деңгейі Алматыда: 10 мың адамға шаққанда 191,5, бір жыл бұрын 140,5 болған. Антилидерлер үштігінде елорда мен Батыс Қазақстан облысы да бар. Ең үздік көрсеткіш — Түркістан облысында тіркелді: өңірдің 10 мың тұрғынына шаққанда 32,2 құқық бұзушылық», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері елімізде 87,1 мың құқық бұзушылық тіркелді-бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,1% артық.

Ең көп құқық бұзушылық Алматыда тіркелді: 19,4 мың. Анти-лидерлердің үштігіне Астана (9 мың құқық бұзушылық) және Алматы облысы (8,4 мың құқық бұзушылық) кірді.

Ең аз қылмыстық құқықбұзушылық Қызылорда облысында тіркелді: 1,9 мың — бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,2% аз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.