Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2023 БАСТАЛДЫ

0 384
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2023 БАСТАЛДЫ
🖌️Білім беру қызметкерлерінің дәстүрге айналған кеңесі екі күнге жалғасады. Осы жылғы шара «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтеді.
👥Бүгін, 24 тамызда өңірлерде өз тақырыптық бағыттарына сәйкес секциондық отырыстар өтеді:
• Мектепке дейінгі оқыту – Қызылорда облысы;
• Ауыл мектебі – Актөбе облысы;
• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;
• Инклюзивтік және арнайы білім беру – Қостанай облысы;
• Педагог мамандары – Солтүстік-Қазақстан облысы;
• Дарынды балалар – ұлт мақтанышы –Ұлытау облысы;
• Білім беру технологиялары – Алматы облысы;
• Балалардың демалуы мен сауығуы – Ақмола облысы;
• Жайлы жағдай қалыптастыру – Астана қаласы;
• Балаларды қолдаудың тең мүмкіндігін қалыптастыру – Қарағанды облысы;
• Мектепте тамақтануды ұйымдастыру – Алматы қаласы;
• Қосымша білім беру – Шығыс-Қазақстан облысы;
• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;
• Оқыту барысында қауіпсіз ортаны қалыптастыру – Атырау облысы;
• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;
• Білім беру мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;
• Білім беру саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;
• Қаржылық-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;
• Білім саласындағы менеджмент – Батыс-Қазақстан облысы;
• Білім саласын сандық жүйеге көшіру – Шымкент қаласы.
♻️Ал ертең, 25 тамызда 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық сессия онлайн режимде өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.