Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҚМГ: Бірінші жартыжылдықтағы қаржы көрсеткіштеріне мұнай бағасының 26%-ға төмендеуі кері әсер етті

0 1  463
ҚМГ: Бірінші жартыжылдықтағы қаржы көрсеткіштеріне мұнай бағасының 26%-ға төмендеуі кері әсер етті деп хабарлайды «JAmbyl-Taraz» ақпараттық агенттігі  TENGRINEWS сайтына сілтеме жасап.

 

Өндірістік көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, компанияның бірқатар қаржылық нәтижелері мұнай бағасының 26%-ға түсуіне байланысты төмендегені байқалады. Сондай-ақ, Басқарма төрағасының орынбасары Д.А. Арысованың айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көрсеткіштеріне баға айырмашылығынан бөлек, өндіру активтерінде электр қуатының жиі ажырауы кері әсер етті.

2023 жылы 23 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ KASE Қазақстан қор биржасының алаңында онлайн режимде Эмитент күнін өткізді. Іс-шара компанияның 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелеріне арналды.

Басқарма Төрағасының орынбасарлары Д.А. Арысова, Б.Қ. Закиров, Д.С. Макеев, Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры Е.Д. Абылханов есепті кезеңді қорытындылап, сұрақтарға жауап берді.

Компания Эмитент күнін былтыр KASE және AIX сынды жергілікті биржаларда IPO-ға шыққаннан кейін алғаш рет өткізіп отыр.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетті. Қаржылық көрсеткіштерге макроэкономикалық жағдай мен Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 26%-ға төмендеуі кері әсер етті.

Есепті жылдың маусым айында Компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 300 млрд теңге немесе бір жай акцияға 491,71 теңге көлемінде рекордтық дивидендтер төледі.

«Ашық компания дәрежесіне ие болғалы біз барлық мүдделі тараппен, соның ішінде, акционерлерімізбен және тұтас инвестициялық қоғамдастықпен сенімді әрі ашық диалог орнату үшін «ҚазМұнайГаз» қызметі жайлы ақпаратты объективті және уақтылы жариялауға басымдық береміз», – деді Басқарма төрағасының орынбасары Д.А. Арысова.

Есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есеп, қаржылық есепті қамтитын пресс-релиз бен презентация Компанияның веб-сайтында, KASE және AIX биржаларында жарияланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.