Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды

0 182

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп мәлімдеді ҚМДБ баспасөз қызметі. Бұл жайында «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Кестеге сәйкес, 2022 жылы ораза 3 сәуірде басталып, 1 мамыр күні аяқталады. Қадір түні – 28 не 29 сәуір. Ал құрбан айт мерекесі 9-11 шілдеге сәйкес келеді. Мәуліт – 7 не 8 қазан.

дини мерекелер 2022

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.