Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтіледі

0 377

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі А.Цой, дәрі-дәрмектерге баға саясатын мониторингілеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.Жұманғарин, карантиндік шаралардың сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов, сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов баяндама жасады. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуын бақылауда ұстауға болады. Сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі 0,4%-ды, репродуктивтік көрсеткіші 0,9-ды құрайды. Инфекциялық төсек орындарының толымдылығы – 28%, реанимациялық төсек орындарының толымдылығы – 20%. 5 өңір жоғары және орташа тәуекел аймақтарында орналасқан. Атап айтсақ, олар: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. Өкінішке орай, келер жылғы қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өршуі ықтимал. Бұл коронавирус инфекциясымен сырқаттанғандардың көбеюіне әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады: 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі. Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау. Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды: оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9, 11, 12-сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылсын; оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының оқудағы олқылықтарының орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын; II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын.

Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Премьер-Министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды. Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпарат primeminister.kz сайтынан алынды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.