Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қастерлі мереке

0 199

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай аймақ басшысы мен қала әкімі Төле би және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне қызыл раушан гүлдерін қойды.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Суреттерді түсірген Д.ПЛЯШЕШНИК

Тәуелсіздік күні – бұл бабалар аңсаған азаттықтың ақиқатқа айналған қасиетті мерекесі.

«Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев, бірқатар қоғам белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

– Тәуелсіздік күні – ең маңызды дата. Халқымызға бейбітшілік тілеймін. Біздің Отанымыз – қасиетті мекен. Тіліміз бен дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа мирас болсын, – деді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Айта кету керек, бұл күні «Менің Туым. Менің Отаным» акциясы аясында қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өз терезелері мен балкондарына мемлекеттік туды іліп қойды.

– Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күні – ерекше мереке. Еркіндік пен рух – мұның бәрі біздің еліміздің сипаттамасы. Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін. Жастар әрқашан алда болсын, өйткені олар – біздің болашағымыз. Барлығымызға жақсылық, бейбітшілік пен өркендеу жолын тілеймін! – деп лебізін білдірді Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Айгүл Қабиева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.