Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

0 1  498

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

«Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған. 2015-2020 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы болды», — делінген хабарламада.

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.