Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

0 271

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Көшенов Қайрат Есенұлы Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қайрат Есенұлы 1984 жылы дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласындағы «Сулпак» ЦРТК» ЖШС-де мерчендайзер болып бастаған.
Әр жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола облысы, Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, Ақмола облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы салаларын дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.