Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аукцион электрондық түрде өтуде

0 274

Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін сату бойынша аукцион Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық түрде өткізілуде.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына» сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
2024 жылы 4 аукцион өткізілді. Нәтижесінде, қала аумағынан барлығы көлемі 1,4306 гектарды құрайтын кәсіпкерлік мақсаттағы 4 жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы үш жыл мерзімге, 36 344 122 теңгеге сатылды. Жер телімі үш жыл мерзімінде игерілмеген жағдайда қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылады.
Ағымдағы жылы «Ұлы Дала» ықшамауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаттағы қарастырылған жер учаскелерін сауда-саттыққа шығару жоспарлануда.

Темірхан Айменов,
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.