Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда төрт айлық баласына 38 пышақ жарақатын салған әйелге қатысты сот ісі басталды

0 475

Атырауда төрт айлық сәбиін жауыздықпен өлтірген әйелге қатысты сот ісі басталды. Әйел қызына 38 рет пышақ сұққан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің күйеуі сотта жауап беруде.

Ауыр қылмыс осы жылдың сәуір айында Көптоғай ауылында орын алды. Сотта күдіктінің күйеуі босанғаннан соң әйелінде аяқ-асты психикалық ауытқуға ұшырағанын айтқан. Перзентханадан кейін әйелі халық емшілеріненің көмегіне жүгінген. Алайда бұдан да жақсы болмаған.

Әйел қылмысқа күйеуі аудан орталығына барған кезде барған. Анасы сәбиіне ас үй пышағымен соққы жасаған. Оған баланың қатты жылағаны ұнамаса керек.

Сот-медициналық сарапшылар қыздың денесінде 38 жарақатты анықтаған.

«Баланың өлімінің себебі көп қан жоғалту болды. Сәбиге жүрек пен кеуде тұсына көптеген пышақ жарақаты түскен», – деді прокурор Нұрболат Әбілов.

Қазір 42 жастағы күдікті психдиспансерде жатыр. Ол қандай жағдайда түскенін дәрігерлер айтпаған. Бірақ қазіргі уақытта, олардың айтуынша, оның жағдайы анағұрлым жақсарған.

«Иә, шынында да оның психикалық ауытқуы бар. Диагноз медициналық құпия, ол жария етуге жатпайды. Оның тағдыры тек сот шешімімен ғана анықталады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан емдеу аясында психикалық жағдай тұрақтанды», –  деді Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дамир Қожантаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.