Атырау облысында аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісі анықталды деп хабарлады turkystan.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 30 шақырымында Toyota Ipsum маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 17 кг болатын «марихуана» есірткі затын анықтады. Аталған дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасымен ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.