Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырау облысында экс-полицей ағасының мәйітін 3 ай ауласында жасырған

0 783

Оқиға Атырау облысы Индербор кентінде болды. Экс-полицей ағасын өлтіріп, оның мәйітін 3 ай ауласында жасырған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  AstanaTV сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс марқұмның ұлы әкесіне іздеу салған соң ғана ашылып отыр. Көршілерінің айтуынша, бауырлар өзара арақ ішіп, арты жанжалға ұласқан. Інісі мәйітті ауласындағы қоқыс жинайтын шұңқырға жасырған көрінеді.

Көршісі Гүлшат Жантасова: «Шошып кеттік. Көршіміз Жеңістің үйіне кіруге қорықтық. Осы жерде 15 машина тұрды. Атыраудан эксперттер, прокурорлар келді. Қылмысқа барады деп ойламаймын.  Бірақ адам барып тұр ғой… Арақ ішкендікі болған шығар сол. Ішіп жүрді тілі ащы кісі ғой. Ұрынған болар…», – дейді.

Марқұм шаруа қожалығында мал баққан. Соңғы рет 20 қыркүйекте ауылға келіпті. Содан кейін оны көрмеген. Күдікке ілінген туған інісі, бұрын полицияда еңбек еткен. Қазір зейнет демалысында екен.

Көршісі Амандық Қалиев: «Өте жақсы адам. Отставкаға шыққан жігіт. Ол майор шенімен пенсияға шықты», – дейді.

Ал кент әкімі марқұмды ауылдан көп көрмегенін айтты. Әлеуметтік жағдайы төмен болса да, көмек сұрап келген емес. Көпбалалы әке. Тұрмысы төмен.

Марқұмның ұлы ағасының жауапқа тартылуына қарсы.

«Ол кісі – ағам, ана кісі  – әкем. Ажал солай келіп тұрса, оған кім қарсы тұрады? Кім кедергі жасай алады. Адам өлтіріп алғаннан кейін не істеп, не қойғанын білмейді де… Бізге өлтіріп алғанын айтты», – дейді ол.

Индер аудандық полициясы «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Атырау облысында ағасының мәйітін 7 ай үйінде сақтаған мұғалім туралы жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.