Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атам Ұлы жеңісті Берлинде қарсы алған

0 2  447

Біз бейбіт күннің бесігінде тербеліп өскен ұрпақпыз. Бұл күнге жету үшін батыр бабаларымыздың өмірі күрес жолында өтті. Майдан даласына аттанған қазақстандықтардың қатарында менің 1910 жылы Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылында дүниеге келген Қасымқұл Дәлібаев атам да болған.

Мен оның шөбересімін. Өз атамның айтуынша, Қасымқұл бабам неміс басқыншыларынан Отанын қорғау үшін 1942 жылы майдан шебіне аттанған. Алғаш қиян-кескі ұрысты Украина майданында бастаған ол 1941 жылдың жазында Алматы қаласында жасақталған, құрамында 70 пайызы қазақтар болған 316-шы атқыштар дивизиясына түскен.
Қиян-кескі шайқастарда ерлігімен көзге түскен бабам жеңісті 1945 жылы Берлинде қарсы алған. Майданнан оралғаннан кейін ел еңсесін тіктеуге атсалысып, ұзақ жыл колхоз жұмысына араласқан. Туған жерінің көркейіп-гүлденуіне үлес қосып, еңбек озаты да болған. Отан үшін от кешкен осындай бабамның болғаны үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернейді.

Дінмұхаммед Елтай,
Төле би атындағы №8 гимназияның 10-сынып оқушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.