Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асхат Хасенов энергетика вице-министрі болып тағайындалды

0 259

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асхат Ғалымұлы Хасенов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды., – деп хабарлайды “Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.

2006-2010 жылдары – «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.

2010-2011 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы.

2011-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.

2014-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.

Бұған дейін Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.