Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді

0 66

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, – деп хабарлайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.

Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 миллион теңгеге бағалаған.

Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.

Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.