Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан 2402 адам ұсталды

0 64

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы заңсыз акциялар мен тонауға қатысқан 2402 адам ұсталды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Лаңкестік әрекеттерге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз акциялар, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 402 адам ұсталды. 79 атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәулікте «102» пультіне 586 хабарлама түсті», – дейді комендатура өкілдері.

Бұған дейін Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінің ғимаратына 1000-нан аса адам шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.