Городская общественно-политическая газета

Арзан бағада қант сатпақ болған алаяқ ұсталды

0 102

Таразда арзан бағада қант сатамын деген Алматыдан келген алаяқ ұсталды. Полицияға жергілікті тұрғыннан бейтаныс адамның оған қант зауытынан төмен бағамен 20 тонна құмшекер сатып алып беруге уәде беріп, алдап кеткені туралы хабарламасы түсті.

Ер адам жүк көлігімен қант алуға келгенде күдікті одан ақшаны алып, оны зауыт қақпасына жібереді. Ал өзі осы уақытта белгісіз бағытта жасырынып, байланысқа шығуын тоқтатқан. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 4 миллион 200 мың теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотты болған Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оның бұдан басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.
Айта кетерлігі, бұл біздің өңірдегі жалған қантты сату бойынша алаяқтық дерегінің алғашқы жағдайы емес. Бірнеше ай бұрын алаяқ сенімге кіріп, алдау жолымен Тараз тұрғындарына жалпы көлемі 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.