Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арман Қапезовтің құрметіне мемориалдық тақташа қойылды

0 265

Бүгін Тараз қаласында 26 тамызда әскери бөлімде төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Арман Қапезовтың құрметіне мемориалдық ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Тақтаны бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Сартаев пен Арман Қуанышұлының анасы Ділда Қапезова ашты.

«Арман Қуанышұлы адамдарды топтастыра білетін және әріптестер арасында құрмет пен беделге ие болатын. Ол өзінің мәдениетімен, ерекше ақылымен және жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленетін. Арманның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады», – деді Дастан Сартаев.

Сонымен қатар іс-шараға бас прокуратура, облыс әкімдігінің өкілдері мен Арман Қапезовтің туыстары қатысты.

Олар мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының №28349 әскери бөлімінде оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыс кезінде Оңтүстік аймағының әскери прокуроры Арман Қапезов қаза тапқан болатын. Оның артында төрт баласы қалды.

Ерлігі мен жанқиярлығы үшін Арман Қапезов қайтыс болғаннан кейін мемлекет басшысының жарлығымен І-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Енді Жамбыл облысы прокуратурасы ғимаратының сыртқы қабырғасында Арман Қуанышұлының фотосуреті бейнеленген тақтайша болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.