Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Біздің Болат» кітабының тұсауы кесілді

0 471
Бүгін Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Болат Бекжановтың «Абай-Ақмай» кітабы мен белгілі журналист Ерман Әбдиев құрастырған «Біздің Болат» естеліктер кітабының тұсаукесері өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz»  ақпарат агенттігі.

Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева ашты. Тұсаукесер рәсімі одан әрі А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры жас артистерінің орындауындағы поэзия мен жазушының әріптесі, досы болған зиялы қауым өкілдерінің жылы естелігін ортаға салуға ұласты.

Болат Үмбетәліұлы 1978 жылдан бері 40 жылдан аса уақыт журналистік, қаламгерлік, мәдениет және өнер жолындағы шығармашылық қызметте еліміз бен жеріміздің, Отанымыздың, туған өңіріміздің, оның ішінде қасиетті Тараз жерінің де өсіп-өркендеп, дамуына зор еңбек сіңірді. Ол «Болмайды ғой», «Редактордың қойын дәптері», «Өмір-драма», «Сахнадан сыр айтамын», «Құс жолынан жыр төктім», «Көз көргендер» атты алты томдық жинақтың (2018 ж.), «Шымылдықтың арғы жағы» (1998 ж.), «Бізбіз» (2009 ж.) атты сатиралар жинағының, «Құс қанатындағы сағыныш» (2008 ж.) атты поэтикалық жинақтың авторы.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.