Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс қарқынын арттыру қажет

0 141
Бүгін қала әкімі Е.Жылқыбаев жұмыс күнін қаладағы құрылыс нысандарын аралаудан бастады.
Алдымен Клубная, Буденный, Черняховский, Елібаев көшелерінің, Желтоқсан көшесінің 4 бұрылысы мен Қонаев көшесінің 1 бұрылысындағы жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы қалада 1388 көше жолдары бар. 2018-2020 жылдары 184,064 шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтті. Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жауын-шашын басталмай аяқтау керектігін ескертіп, сапаға мән беру қажеттігін айтты.
Бұдан соң қала әкімі №22 мектептің құрылыс жұмысымен және М.Маметова атындағы №27 мектептің жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда 22 мектептің құрылысы 95% аяқталған. Мердігер мекеме басшысының айтуынша құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Шаһар басшысы жуаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сапар соңында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында құрылысы басталған үйлердің жай-күйімен танысты. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба өңірде сәтті жүзеге асырылуда. Қала әкімі тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтінін атап, үйлердің сапалы салыну керектігін айтты. Сондай-ақ, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.