Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ардагерлер арасындағы аламан

0 1  504

Таразда стандартты (классикалық) шахматтан ардагерлер арасында қала біріншілігі өтті. Бір аптаға созылған жарыс ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

«Жамбыл облысының шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған жарыс нәтижесінде Жамбыл облысының чемпионатына қатысушылар іріктелді. Атап айтқанда, ерлер арасында Тараз қаласының абсолютті чемпионы атағын Телібай Садықов жеңіп алды. Күміс жүлде Әділхан Райымбаевқа бұйырса, Режеп Асанов қола жүлдені қанжығалады.
Ал 65 жасқа дейінгі әйелдер арасында Тараз қаласының чемпионы атағын Нұргүл Иланбекова иеленсе, 65 жастан жоғары әйелдер арасында Елена Деревянько жеңімпаз деп танылды. Қанымкүл Бесімбай және Сая Жұмағұл есімді қатысушылар күміс жүлдегер атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан медаль және дипломдармен марапатталып, қатысушыларға арнайы естелік сыйлықтары тапсырылды.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.