Қалалық қоғамдық-саяси газет

Антикор еріктілері жол салу кезінде бірқатар кемшіліктерді анықтады

0 197
Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында салынып жатқан жол құрылысына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Оған себеп, мердігер мекеме тарапынан жүргізілген жұмыстардың сапасына қатысты ауыл тұрғындары тарапынан фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған сыни ақпарат.
«Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері мен жоба еріктілері асфальттың астына салынатын жол жабындысына щебень қосылмағанын және битум жағылмағанын анықтаған. Ол өз кезегінде жолдың сапасыз болуына және тез құртылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, Тереңөзек ауылынан шыға берісіне төселген асфальтына да қатысты кемшіліктер орын алған яғни, жол тегіс салынбаған, майда шұңқырлар пайда болған.
Еріктілер тарапынан аудан әкіміне тиісті хат жолданып, нәтижесінде жол салу барысында орын алған кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылды. Жол активтерінің сапасы ұлттық  орталығының филиалы тиісті сынамаларын алды. Жол құрылысының сапасы талаптарға сай болған жағдайда қабылданатын болады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.