Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Amanat» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы

0 190

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына Жамбыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Р.Бегалиев, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, ауылдық округ әкімдері және партия мүшелері қатысты.
 

Күн тәртібіне 3 мәселе қаралды: 1. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау туралы;
2.«AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу туралы.
3.«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар сайлау туралы.

Бірінші мәселе бойынша делегат, партия ардагері Сырлыбаев Бахыт Уәлиұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, партияның Саяси тұғырнамасының жобасы туралы аудандық мәслихаттың депутатыҚырықбаева Мөлдір Жаңабекқызы, «Шайқорық» БПҰ төрағасы Нұрмаханов Медет Сәбитұлы және Жастар ресурстық орталығының директоры, саяси кеңес мүшесі Тоқсаба Жандар Жамбылұлы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына жаңадан тағайындалған аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Сәмбетов Мадияр Әбілханұлы мен аудандық мәслихаттың депутаты, «Ертегі» бөбекжайының құрылтайшысы Дармағамбетова Дамира Болатқызының кандидатурасын енгізу ұсынылады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар сайланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.