АҚШ-тағы Дьюка университетінің ғалымдары музыкамен шұғылдану немесе жаңа тілдерді үйренудің ми қартаюын тежейтінін мәлімдеді. Олардың сөзінше, мұндай хоббилер қарт адам миында нейропатологияның пайда болу қауіпін төмендететін конгнитивті қор түзеді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамандар мидағы ақ затқа диффузионнотензорлық визуализация көмегімен сараптама жүргізген. Мұндай әдіс мидың әр бөлімдеріндегі байланыс пен жүйке талшықтар торы жайлы ақпарат алуға көмектеседі. Әдетте қартаю кезінде ақ заттың тұтастығы бүлінеді, алайда күрделі сенсомоторлық әрекеттер (бірнеше тіл білу, музыкамен шұғылдану) бұл процесті тежейді.
Нейробиологтар күніне 3 сағат жаттыққан 20-67 жас аралығындағы 8 музыканттың миын сканерлеген. Бұл мидағы ақ зат жолдарының саны – фракциондық анизотропияны санауға мүмкіндік берген. Фракциондық анизотропияның көп болуы мидағы когнитивті қордың үлкен екенін көрсетеді. Алайда музыкамен шұғылданбайтын адамдарда қартайған сайын бұл қор азая түседі. Сараптама нәтижесінде музыканттарда мұндай қордың әлдейқайда үлкен екені анықталды.
Адам миындағы құрылымдық және функционалдық өзгерістерді білуге бағытталған зерттеулер де көп тіл білу мен музыкалық қабілеттің кәрілікті тежейтінін көрсеткен.