Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алтын құрсақты аналар ардақталды

0 644

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Күміс алқаларды» табыстау рәсімі өтті.

Жиын барысында әуелі шаһар басшысы сөз алып, аналарға ізгі тілегін арнады.
– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін түсіріліп, барынша назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде 19 миллионнан асты. Ал көне шаһар – Таразда тұрғындардың саны артып, 430 мыңнан асып жығылды.
Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйелдердің орны биік екенін айғақтайды. Көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір айқын көрінісі, – деген қала әкімі 3 көпбалалы анаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген «Күміс алқаларын» табыстады.
Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 2010-2022 жылдар аралығында 2 634 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 316 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталса, былтыр 42 көпбалалы ана «Алтын алқа», 166 ана «Күміс алқаға» қол жеткізген.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.