Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында есірткі зертханасы анықталды

0 372

Алматы облысында есірткі зертханасы анықталып, жойылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Талғар ауданында есірткінің жасырын өндірісін анықтаған. Күдіктілер – туысқан жігіт пен қыз синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу деректерін анықтау бойынша жүргізілген «Рефлекс» арнайы операциясы барысында полиция назарына іліккен.

«Жедел қызметкерлер барлық мән-жайды анықтау және олардың есірткіні өндіру мен таратуға қатысқандығы туралы дәлелдер жинау үшін күдіктілерді бақылап жүрген. Қылмыстық әрекет расталып, есірткі мен шикізатты қылмыстық мақсатта пайдалануы немесе жоюы мүмкін деген қауіп туындаған кезде қылмыскерлер ұсталған. Тінту барысында 3,6 келі альфа-PVP синтетикалық есірткісі (7200-ден аса бір реттік мөлшер), прекурсорлар, респираторлар және синтетикалық есірткі заттарын дайындауға қажетті құрылғылар алынды», – делінген хабарламада.

Күдіктілерде есірткі өндірумен айналысу идеясы бірнеше ай бұрын пайда болған. Алдымен олар Алматы қаласында есірткі таратумен айналысқан, содан кейін оларды өндіруге көшкен.

«Талғар ауданы Тереңқара кентінде үй жалдап, қажетті химикаттар мен жабдықтарды сатып алғаннан кейін, есірткі өндірісін бастап, оны өткізу үшін көтерме саудагерлерді іздестіре бастаған. Дайын есірткіні кенттің маңында адам жоқ жерлерге Құлжа жолының бойында жасырып отырған. Күдіктілер есірткі жасырып жатқан жерлерінде ұсталған», – делінген сайтта.

Қазіргі уақытта күдіктілер УҰИ-ға қамалды, олар өз кінәсін толық мойындаған. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.