Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Алдымен буындырып, сосын тамағына темір сұққан»: Батыс Қазақстанда жоғалған азамат Жайық өзенінен табылды

0 948

23 қарашада Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы Январцево ауылының тұрғыны Михайл Крайнов із-түссіз жоғалған. Кейіннен ер адамның денесі Жайық өзенінен табылған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның әпкесі Клавдия Крайнованың айтуынша, азамат жоғалар алдында бір күн бұрын жұбайымен бірге көршілерінің туған күніне кеткен. Алайда әйелі үйге оралған да, Михаил сол жерде қалып қойған.

“Олардың арасында дау туындаған. Көршілерінің ауласына барған. Дәл сол жерде кісі өлімі болған. Михаилды төрт адам жабылып соққыға жыққан. Алдымен буындырып, сосын тамағына темір сұғып алған. Бет-аузының сау тамтығы қалмапты. Негізі мықты еді. Жалғыз адам шабуылдаса оны жеңе алмайтын. Бірінші некеден бір қызы, екінші некеден бір қызы қалды», – деді марқұмның әпкесі Tengrinews.kz порталына. .

БҚО полиция департаменті Михайл Крайновтың денесі 30 қарашада табылғанын хабарлады.Қазіргі таңда өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері Январцево ауылының тұрғынын ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.