Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алдағы мақсат-міндеттер айқындалды

0 1  094

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосуға кеңес төрағасы Сембек Сейдәзімов, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай және бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Әуелі шаһар басшысы қаланың 2023-2025 жылдарға арналған даму картасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоба-жоспарларды баян етті.
Келесі кезекте кеңес мүшелері көкейдегі сауалдарын жолдады. Айталық, олардың тарапынан шаһардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, қызылшаға қарсы екпе салу жұмыстарын күшейту, сауда базарларын жаңғырту, тұрғын үй құрылыстары, заңсыз дүңгіршектермен күрес, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру секілді өзекті мәселелер көтерілді.
Барлық сауалды мұқият тыңдаған қала әкімі әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
– Қалада атқарылған ілкімді істер аз емес. Алдағы жоспарымыз да ауқымды. Әрине, мәселелер де баршылық. Оның барлығы кезең-кезеңімен шешіледі, – деген Бақытжан Әмірбекұлы кеңес мүшелерін шаһарды дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.