Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалалық мәслихат депутаттары – үздіктер қатарында

0 685

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай аймағымыздың мәслихат қызметкерлері мен депутаттары арасындағы облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

Сайысқа Тараз қалалық мәслихатының депутаттары да қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жарыста облыстан бөлек, аудандық мәслихат қызметкерлері мен депутаттары да бақ сынады. Осылайша қалалық мәслихаттың қызметкерлері жалпы есептік көрсеткіш бойынша облыстан кейін екінші орынға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, ерлер арасындағы марафоннан қалалық мәслихаттың депутаты А.Лесбек, әйелдер арасындағы үстел теннисінен аппарат қызметкері А.Байтенова екеуі қос алтын медальді қоржынға салды. Сондай-ақ екі қола медальді дойбыдан депутат Е.Далабай, дартстан аппарат қызметкері А.Джолдасова жеңіп алды.
Бұған қоса спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне қосқан ерекше үлесі үшін депутаттар Б.Тоқтағұл, Н.Мауленов және Р.Мырқалықов арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, дипломдар, медальдар және ақшалай сертификаттар табысталды.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.