Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалада этносаралық ахуал тұрақты

0 505

Тараз қаласында бүгінде 25 этномәдени бірлестік ресми тіркелген. Қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан бұл бірлестіктердің төрағаларымен тығыз қарым-қатынас орнатылып, этнос өкілдерінің ішінде беделді тұлғалардың тізімі әзірленген.

Статистикалық мәлімет бойынша, Тараз қаласында 428 294 адам тұрады. Оның ішінде қазақтар – 304 994, орыстар – 50 546, дүнгендер – 1 954, түріктер – 4 840, өзбек-тер – 23 814, кәрістер – 7 816, күрділер – 2 828, әзірбайжандар – 2 399 , татарлар – 5 900, қырғыздар – 4 807, немістер – 3 322, украин-дар – 4 852, ұйғырлар – 1285, шешендер – 652, гректер – 895, белорустар – 505, тәжіктер – 753 және тағы басқа этностар 5 194 адамды құрап отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған 1 жоба қарастырылып, конкурс жарияланып, жеңімпазы анықталды. Сондай-ақ этносаралық араздық пен алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу туралы қоғамда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ағымдағы жылдың 30 қаңтарында «Қоғамдық келісім» КММ-де этносаралық келісімді нығайту мақсатында Тараз қалалық прокуратураның үйлестіруімен ведомствоаралық кеңес отырысы өтті. Аталған кеңеске Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, Тараз қалалық прокуратурасы, Тараз қалалық полиция басқармасы, Тараз қаласы бойынша экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесі, «Қоғамдық келісім» КММ, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Тараз қаласының билер кеңесі және этнос өкілдері қатысты.
Бұған қоса, 2023 жылғы 29 наурыздағы қала әкімінің №27-ө өкімімен қала тұрғындары арасында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, сәуір-мамыр айларында 85 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2 500-ге жуық адам қамтылды.
Бүгінгі күнге қалада этносаралық ахуал тұрақты. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.