Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жайылымнан мал атып алып, елорда базарында сатқандар ұсталды

0 275

Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі ktk.tv телеарнасына сілтеме жасап.

«Павлодар облысында құрамында 15 адам бар қылмыстық топ анықталып, 18 мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Қаскүнемдер аптасына бір рет шаруа қожалығынан 1-2 бастан ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері Екібастұз базарларында ет сатқан.

Сондай-ақ Ақмола облысында жайылымда жүрген малды атып, Нұр-Сұлтан қаласының базарларында ет сатқан топ ұсталды», – деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте. Нұрділдә Ораздың дерегінше, қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 38,5 пайызға төмендеді. Егер 2016 жылы осындай 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2020 жылы 2 мыңнан аспайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұндай үрдіс осы жылы да сақталып отыр. Мал ұрлығының саны 18 пайызға азайды. «Мал ұрлығынан қорғану үшін ІІМ олардың иелеріне қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Атап айтқанда малды қараусыз қалдырмау, меншік иесі, әкімдік және бақташы арасында үшжақты шарт жасасу. GPS-трекерлерді орната отырып, асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдану керек. Малды таңбалау және бирка салу міндетті. Бұл оны іздеуге, сондай-ақ мал иелерінің дауларын шешуге көмектеседі», – деді ресми өкіл.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.