Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

0 2  045

Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарып берді

Қаржы мониторингі агенттігі «Қылмыстық мүлікті заңдастыруға байланысты» Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеуді жалғастыруда.

Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы өз еркімен активтерін мемлекетке қайтарды, оның ішінде:

▪️мұнай кен орны,
▪️газ тарату компаниясы,
▪️сервис саласындағы кәсіпорын,
▪️қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендері,
▪️фитнес орталықтар желісі,
▪️кеңсе бөлмелері және басқа активтер.

Сондай-ақ, Боранбаев білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Бұған дейін Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау эпизоды бойынша тергеу кезінде 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық залалды өтеген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.