Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбелік медбике 67 адамға жалған вакцина құжатын жасаған

0 257

Ақтөбеде емхана медбикесі 67 адамға жалған вакцина құжатын жасаған. Сөйтіп миллион теңгеден аса табыс тапқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұны полиция анықтап, күдіктіні ұстапты. Медбике өзінің қызметін пайдаланған. Өтінішпен келгендерді арнайы ақпараттық жүйеде коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың тізіміне қосып, тіркеген. Ал, олар шын мәнінде екпе алмаған болып шықты.

Медицина қызметкері қай емханада жұмыс істегенін полиция ашып айтудан бас тартты.

“Тергеу барысында медбике әрбір жалған құжат үшін әр адамнан 15 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы алғанын айтқан. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 385-ші баланың 2-бөлігі «Жалған құжат өткізу» және ҚР ҚК 247-ші бабы, 1-2 бөлігі «Заңсыз сыйақы алу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сотқа жолданды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.