Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе тұрғыны 84 жастағы анасын ұрып өлтірген

0 853

Ақтөбеде сот қарт анасын ұрып өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, 51 жастағы Ақтөбе тұрғыны мұндай қадамға 84 жастағы анасына ашуланғандықтан  барған. Айтуынша, әйел төсек тартып жатқан. Сол кеште ұлы анасының кешкі асын берген. Алайда, қарт ана тамақты түкіріп, оны жеуден бас тартады. Ашуға булыққан ер адам оны басынан, бетінен ұрғанын айтты. Бір рет кеуде тұсына да жұдырық сілтеген.

Есін жиған ұлы жедел жәрдем шақырған. Соққы іздеріне қатысты сұрақтарға оны бір ай бұрын белгісіз біреу ұрып-соқты деп жауап береді. Бұл соққылардан қарт әйел бас-ми жарақатын алып, қабырғасы сынғаны анықталды. Ол алған соққыдан көз жұмды.

Әйелдің соққыға жығылғаны белгілі болған соң, ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотта ер адам анасымен қарым-қатынасы бала кезден күрделі болғанын айтты. Оның айтуынша, ол анасымен түсінісе алмағандықтан, үйден жиі қашып кететін.

«Сол кеште анамның тамақты түкіріп тастағаны ашуымды келтірді. Ол дәретін де астына жіберіп қоятын. Оны қанша рет ұрғаным есімде жоқ. Кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен оны өлтіргім келмеген. Бәрі аяқ астынан болды», – деді ол.

Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.