Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында тауардың төлемі туралы чекті қолдан жасаған алаяқтар ұсталды

0 198

Көкшетаудың екі тұрғыны Kaspi.kz мобильді қосымшасында жалған чек жасап, төрт ай бойы дүкенде сауда жасаған.

Осы іс-әрекеттің салдарынан олар кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеден астам (6,3 мың доллар) шығын келтірген.

«Алаяқтар Kaspi.kz қосымшасы арқылы ақша аударған кезде дүкен сатушылар тек түбіртекті тексеретініне және ақша аударымын растамай-ақ азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын сататынына назар аударған. Осылайша, сатып алушылар тауарды таңдап, бағасын анықтағаннан кейін кассада сатушыны алдаған. Алаяқтар смартфондағы қосымшаны пайдаланып, ақша алушының аты-жөнін және қаражат сомасын түзету арқылы жалған түбіртек көрсеткен», – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Келтірілген шығын көлемі 3 миллион 62 мың теңгені құрады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.