Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында 21 жастағы жігітті тойда пышақтап тастаған

0 215

Ақмола облысында үйлену тойында жанжал шығып, 21 жастағы жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қарашада Жарқайың аудандық ПБ кезекші бөліміне 57 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Бірсуат ауылында пышақ жарақатын алған 21 жастағы ұлына көмекке жедел жәрдем қызметін жіберуді сұраған.

«Оқиға орнына Жарқайың ауданының ПБ кезекші жедел-тергеу тобы дереу жетті. Анықталғандай, 2021жылдың 21 қарашасында жергілікті ЖШС асханасында үйлену тойы өткен. Тойда қонақтар арасында жанжал туындаған. Салдарынан бұрын сотты болған Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны Бірсуат ауылының 21 жастағы тұрғынына іш тұсынан пышақ сұғып алған. Зардап шегуші «сол жақтан іш қуысына пышақ жарақатын салу, ішкі қан кету» диагнозымен Жарқайың аудандық ауруханасына жатқызылды», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомстводан атап өткендей, бұл оқиғаға Жарқайың ауданының ПБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 106-ші бабының 1-ші бөлігі бойынша №211154031000144 болып тіркелді.

«Күдікті Қылмыстық кодекстің 128-ші бабы бойынша Жарқайың аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, олардың соңында түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп толықтырды ведомстводан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.