Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Көлік тұрақтарына қадаға күшейді

0 268

Жуырда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен ірі сауда орындары, тойхана және екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен нысан аумағын абаттандыру және көлік тұрағын заңдастыру бойынша кеңес өткен болатын.

Басқосу барысында шаһар басшысы   қала аумағындағы сауда нысандарының басым бөлігінің автотұрақтары қолданыстағы заңнама талаптарына сай келмейтінін сынға алған еді. Жалпы, ережеге сәйкес қаланың сәулеттік келбетін сақтау үшін автотұрақтар абаттандырылуы қажет. Яғни, кәсіпкерлер келушілерге арналған көлік тұрағын өз жерлерінен қарастыруы тиіс. Ал мемлекет меншігіндегі жерлерді автотұрақ ретінде пайдалану үшін нысан иелері өз қаражатынан абаттандыру бойынша ұсыныс беріп, келісім алуы керек.

Алайда, 2024 жылы кәсіпкерлерге заң талаптарына сәйкес абаттандыру бойынша ұсыныстар берілгенімен, бүгінге дейін оң өзгеріс жоқ. Жиында қала әкімі енді талаптар ескерусіз қалса, мемлекет меншігіндегі жерлер бюджет есебінен абаттандырылып, бірақ кәсіпкерлердің мүдделері ескерілмейтінін баса атап өткен еді.

Қала әкімінің бұл талабы ескерусіз қалмады. Бүгінде кейбір сауда орталықтарында осы бағыттағы жұмыстар басталып, заманауи талаптарға сай автотұрақтар жасақталуда. Алдағы уақытта да  қаланы көгалдандыру және абаттандыру ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәсіпкерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Атап айтсақ, әр автотұраққа кіру-шығу жолы, жол белгілері, жаяу жүргінші жолы, жарықтандыру және мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасау міндеттеледі.

Тараз қаласы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.