Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің ұсынысымен 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды
Ахметбеков Дәулет Хамитұлы 1983 жылы 27 қарашада, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ.
Білімі жоғары: 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша аяқтаған.
2012 жылы Алматы гуманитарлы-экономикалық университетін «Экономика» мамандағы бойынша аяқтаған.
Әскери міндетті, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының әскери кафедрасын бітірген, запастағы медициналық қызметтің лейтенанты.
Еңбек жолы:
18.01.2008 – 22.09.2008ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің инспекторы болып қызмет бастаған.
22.09.2008 – 27.06.2011ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің жетекші маманы;
27.06.2011 – 01.06.2012ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Әкімшілік департаменті, Құжаттама, бақылау және кадр басқармасының бас сарапшысы;
01.06.2012 – 12.07.2016ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Персоналды басқару қызметінің бас маманы;
13.07.2016 – 01.07.2020ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жұмылдыру, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы;
02.07.2020 – 31.12.2021 Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, әкімшілік бөлімінің басшысы;
28.12.2021 – 17.01.2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
17.01.2023 – 5.08.2024. жылдары Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері;
5.08.2024 жылдан бастап Қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылық жағдайы – үйленген, бес бала (1 қыз, 4 ұл) тәрбиелеп отыр.