Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 75

Диас Әжіман Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Диас Қыдырәліұлы 1996 жылы 19 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолы:
2018-2019 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының есеп технигі;
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Құқық қорғау жүйесін, қорғанысты және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасы сарапшысы;
2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Бизнес ортаны талдау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы;
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Бизнес ортаны талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2025 жылдың 16 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.