Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалаға қосылған Талас станциясы мен Талас ауылына жаңа маршрут ашылды

0 58

Тараз қаласының жаңа Бас жоспарына сәйкес шаһар аумағына Байзақ және Жамбыл ауданындарынан 14 елді мекен мен 2 саяжай қосылғаны белгілі. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков осы елді мекендердің тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық көлік мәселесіне айрықша назар аударып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеген еді.

Соның нәтижесінде қала құрамына енген Талас стансасы мен Талас ауылына тұрғындар сұранысына байланысты жаңа маршрут ашылды. Бүгін іске қосылған №62 бағыт Талас стансасы мен Талас ауылынан әрі қарай «Қарасай» алқабы, Автовокзал және Автопарк аумағын қамти отырып, «Ауыл береке» базары аралығында қатынайды. Аталған бағытқа жүру жиілігі 15 минуттан 4 жаңа автобус таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:30-ға дейін қызмет көрсететін болады.

Жалпы алдағы уақытта 2 ауданнан қосылған елді мекендер бойынша қызмет көрсететін маршруттардағы кесте санын арттыру арқылы жүру жиілігін қысқарту және қосымша маршруттар ашу кезең-кезеңімен өз жалғасын табады. Бүгінде осы мақсатта «Ақбұлым» ауылына баратын №42 маршрутты 6 кестеге дейін арттыру (10 қаңтарда қосымша 2 кесте қосылған болатын), ал 22 қаңтардан бастап Шайқорық, Танты, Бесжылдық ауылдарына қатынайтын №6 бағыттағы 5 кестені 8-ге дейін көбейту көзделіп отыр. Сонымен қатар «Солнечный» алқабы мен Нұрлы жол көшесін қамту арқылы жаңа маршрут ашу да қолға алынуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.