Ербол Еркінбайұлы Амантаев қала әкімінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №274-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ербол Еркінбайұлы еңбек жолын 2008 жылы «Промхиммонтаж» акционерлік қоғамында инженер болып бастаған.
2010-2013 жылдары «Ремэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2014-2017 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі;
2017-2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі және басшысы;
2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
2021-2023 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2023-2024 жылдары Жамбыл ауданы, Қарой ауылдық округінің әкімі лауазымдарын атқарған.