Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһардағы қоғамдық көліктердің қатары жаңа 20 автобуспен толықты

0 198
Тараз қаласын өркендетуге бағытталған үш жылдық даму жоспарында ерекше басымдық берілген мәселелердің бірі – қоғамдық көліктерді жаңарту. Соңғы 2 жылдың бедерінде бұл бойынша нақты жүйелі жұмыстар қолға алынды. Айталық, осы мақсатта бүгін жаңа 20 автобус ел игілігіне берілді.
Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қоғамдық көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Атап айтсақ, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жеткізілген 15 бірлік «Isuzu» маркалы автобустардың 8-і №44, қалған 7-еуі №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады. Ал «RashLau» ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-еуі №13 маршрутқа берілсе, 2-еуі №18 бағытты толықтырады. Өзбекстанда шығарылған 70 адамға арналған аталмыш автобустың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған.
Жалпы үш жылға бағытталған даму картасы аясында көне шаһарға 2023 жылы 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 155 автобуспен толықты. Осылайша биылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды. Осының нәтижесінде №13, №18, №41 бағыттар қайтадан іске қосылса, №28, №34, №46, №54, №55, №61, №33, №40, №16, №44 маршруттарда қызмет көрсететін автобустар толықтай, ал №12, №23, №29, №27 бағыттар ішінара жаңа қоғамдық көліктерге алмастырылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.