Жаңа жыл мерекесіне байланысты «Үздік жаңа жылдық безендіру» атты конкурс өткізіледі.
Конкурсқа ғимараттарының сыртқы келбетін безендірген Тараз қаласының кәсіпкерлері мен ірі сауда орталықтары қатыса алады.
Қызығушылық танытқан болсаңыз, өтінімді 2024 жылдың желтоқсан айының 20-сына дейін opp-taraz@mail.ru электронды мекенжайына (кәсіпорын атауы, басшысының толық аты-жөні және мекенжайы мен фотосуреттері) немесе WhatsApp желісі арқылы +7 (707) 922 01 92 нөмеріне жіберуге болады.
Байланыс телефондары: 8 (7262) 43-29-40, +7 (707) 922 01 92 (Солтанаева Айнұр).
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі